Атырау, 14 ақпан 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Рахымжан Ерназар ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

474 рет қаралды

Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің басшысы болып Рахымжан Ерназар тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерназар Рахымжан Серікбайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Оның алдындағы басшы Айдын Күлсеитов қызметінен босатылды.

Рахымжан Ерназар 1988 жылы Талдықорғанда туған.

Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.

Техника және технология магистрі.

Аналитика және стратегиялық жоспарлау саласында жұмыс істеген.

Президент әкімшілігінде стратегиялық жоспарлау бөлімін басқарған.


2 сәуір 2025, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.