
2025 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ 3,6 млн тонна астық тасымалдады – өткен жылмен салыстырғанда 49% артық. Экспорт 2,8 млн тоннаны (+52%), ал республикаішілік тасымал 788 мың тоннаны (+38%) құрады.
Иранға астық жөнелту 11 есе, Балтық елдеріне 10 есе, Қытайға өңделген астық өнімдерін, оның ішінде құрама жемді тасымалдау 5,5 есе артты (500 мың тоннадан асты).
Наурызда ҚТЖ тағы бір рекорд орнатып, 1,2 млн тонна астық тиеді (+63%). Ішкі тасымал 43%-ға (290 мың тонна), экспорт 70%-ға (914 мың тонна) өсті.
Орталық Азия елдеріне экспорт 48%-ға артып, Қырғызстанға (6 есе), Тәжікстанға (+80%), Өзбекстанға (+28%), Түрікменстанға (+18%) ұлғайды. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытында тасымалдау 18 есе, Қара теңіз порттары арқылы — 35%, Балтық порттары арқылы — 26%, Балтық елдеріне 10 есе артты.
ҚТЖ сенімді логистиканы қамтамасыз етіп, тасымал көлемін орындауға толық дайын.