Атырау, 9 желтоқсан 00:43
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды

499 рет қаралды

2025 жылғы 1 сәуір мен 23 мамыр аралығында Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі өтеді. Оған еліміздің 643 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 24 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. 

PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы балалардың өмірдегі нақты мәселелерді шешу үшін оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен дағдыларын қолдану қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілетін білімалушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама. Оны төртжылда 1 рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізеді.

Зерттеу компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. PISA-2025-тің негізгі бағыты - ғылыми сауаттылық, сонымен қатар инновациялық бағыт. 2025 жылы мұндай бағыт «Цифрлық әлемде оқыту» (Learningin the digital World) болады.

Естеріңізге сала кетейік, PISA-2022 нәтижелері бойынша Қазақстан Математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына енді. Сондай-ақ, Қазақстанның қалалық және селолық жердегі оқушылары арасындағы білім сапасы алшақтықтығының төмендеуі байқалды.

1 сәуір, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.