Атырау, 29 желтоқсан 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қазақстанда мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілді

563 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен (6,4 млрд теңге) салыстырғанда 40 %-ға артық. Нақты көлем индексі 91,4 %-дан 126,4 %-ға дейін ұлғайған. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

«Саладағы өсім негізінен крандар, клапандар мен вентильдер өндірісінің 93,8 %-ға артуының есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Өткен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында аталмыш өнімдер өндірісі 3 млрд теңгені құраса 2025 жылдың осы кезеңінде 5,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы тарату және шар клапандары мен шибер қақпақтарының өндірісі 525 тоннадан 1126 тоннаға дейін екі еседен астам ұлғайған.


1 сәуір, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.