Атырау, 13 тамыз 22:41
 дождьВ Атырау +32.4
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

Филиппинде жолаушылар паромы суға кетті

1 222 рет қаралды

16-шы тамыз күні Филиппиннің Себу аралында St. Thomas Aquinas жолаушылар паромы мен жүк паромы соқтығысып қалды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Паромның 217 жолаушысы іс-түссіз жоғалып кетті. Agence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, 17-ші тамызда апаттан қаза болғандар саны нақтыланған. Оқиға орнында 24 адамның мәйіті табылды. 629 адам құтқарылды. Бұған дейін 17 адам қаза тауып, 690 жолаушының құтқарылғаны хабарланған болатын.

Бастапқыда жолаушылар кемесінде 700-ге жуық адам болды деген мәлімет таратылды. Дегенмен су көлігі тиесілі компания паромда 841 адамның болғанын, оның 723-і жолаушылар, ал 118-і экипаж мүшесі екенін мәлімдеді.

Әзірге апаттың себептері белгісіз, оқиға орнында құтқрушылар жұмыс істеп жатыр. 

bnews.kz

18 тамыз 2013, 23:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.