Атырау, 20 сәуір 18:16
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Екі кісіні өлтірді деп айыпталуда

2 235 просмотра

Атырау облыстық қылмыстыќ істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылында ағымдағы жылдың сәуірінде болған атышулы ерлі-зайыптыларды өлтіру фактісі («Қиғаштағы қос өлім» мақаласын қараңыз) бойынша тыңдау басталды.

Естеріңізге салсақ, ү.ж. 4 сәуірінде АІІБ-ке Қиғаш селосындағы үйлердің бірінде 50 жасар кәсіпкер әйел мен оның 50 жасар аудан кәсіпорындарының бірінде оператор болып жұмыс жасайтын жұбайының мүрдесі табылғаны жөнінде телефонмен хабар келіп түседі. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері қос кісі өлтіру фактісін растайды. Құрбандардың қол-аяқтары скотчпен байланып, беттерінен соққыдан болған ісік байқалды.

Қылмысты тергеуді облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Аян ДҮЙСЕМБАЕВ бастаған тәжірибелі қызметкерлер тобы өз қолдарына алды. Шұғыл іздестіру шараларынан кейін екі күдікті із суытпастан ұсталды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Екеуі де Мақат ауданының тұрғыны, екеуі де 46 жаста. Біреуі Ресей аумағында кісі өлтіріп, Қазақстанда қарақшылық жасап сотталған екен, бостандыққа өткен жылы шыққан. Екіншісі бұрын бұзақылығы үшін сотталған. Ұсталғандардан өлтірілгендерге тиесілі заттар – ұялы телефон мен алтын кулон алынды.

Қазір осы іс бойынша бес адам айыпталып отыр, олардың екеуі – 1991 және 1992 жылы туған жас жігіттер. Атырау облыстыќ ќылмыстыќ істер бойынша ауданаралыќ мамандандырылѓан соттың судьясы Гүлнар ХАЖЕНОВАНЫҢ айтуынша, алдын ала тергеу органдары сотталушыларға екі және одан көп адамды өлтіру, қарақшылық шабуыл және қару-жарақты заңсыз сақтау, ұстау және тасымалдау бойынша айып тағылып отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

18 тамыз 2013, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.