Атырау, 1 сәуір 05:12
 ашықВ Атырау +16
$ 504.44
€ 545.65
₽ 5.95

Жер сілкінісіне байланысты Жамбыл облысына үкіметтік жұмыс тобы жіберілді

561 просмотра

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, келтірілген шығынды анықтау және бағалау мәселелерінде көмек көрсету үшін төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы өңірге жіберілді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ жұмыс тобы құрамында – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ филиалының басшылығы, Үкімет Аппаратының өкілдері бар.

Премьер-министр бірінші кезекте әлеуметтік нысандардағы, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы, жол қатынастары  мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдайды басым тәртіппен бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейтуді тапсырды.

28 наурыз, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16