
4, 5, 6 сәуір күндері “Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы” жылының ашылу салтанаты аясында теңіз жағалауында «Дархан дала» этно қалашығы ашылады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Этноқалашықтың жеті ауылында ұлттық қолөнер шеберлерінің және музей жәдігерлерінің көрмесі, ағаш үйлердің көрінісі, қазақтың салт- дәстүрлері насихатталып, халықтың ән-күйі ойнайды.
Сондай-ақ, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан елдерінен мәдениет майталмандары келіп, облыс өнерпаздарымен бірге өнер көрсетеді.
“Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Келіңіздер, Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы және даңқты бабалар ізін жалғаған қасиетті өлкенің бай тарихын бірге тамашалайық!
Баршаңызды осы ерекше мәдени шарада күтеміз!”, деді ұйымдастырушылар.