Атырау, 22 наурыз 06:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Қазақстан мен Қырғызстан арасында жаңа әуе рейсі іске қосылады

752 рет қаралды

2025 жылғы 28 мамырдан бастап Air Astana авиакомпаниясы Алматы – Ош бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашатынын ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Рейстер аптасына төрт рет — сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жалпы рейстер саны аптасына 7-ден 11-ге дейін көбейеді.

Жаңа бағыттың ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ туристік алмасуды дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

28 наурыз 2025, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.