Атырау, 31 наурыз 1458
 ашықВ Атырау +18
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Алматыда азаматтарды сан соқтырған күдіктілер қолға түсті

619 просмотра

Алматыда полицейлер алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады.

Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды.

Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.

- Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі - аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда, - деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.

28 наурыз, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16