Атырау, 31 наурыз 1849
 ашықВ Атырау +13
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полициядан қашпақ болды

574 просмотра

Таразда патрульдік полиция қызметкерлері LED-шамдарын заңсыз орнатқан Volkswagen Passat көлігін  тоқтатты. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қозғалысын жалғастырып, қашып кетуге тырысқан.

Ол қауіпті маневрлер жасап, жол-көлік оқиғасына себепші бола жаздап, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірді.

Бірнеше патрульдік экипаждың көмегімен көлік тоқтатылғаннан кейін, жүргізуші жаяу қашып, аулаларға жасырынуға әрекеттенген, алайда тәртіп сақшылары оны жылдам қолға түсірді.

21 жастағы жігіт ағасына тиесілі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны анықталды.

Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылып, 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлерге бағынбау дерегі бойынша іс сотқа жіберілді.

28 наурыз, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16