Атырау, 1 желтоқсан 22:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде

2 299 просмотра

Аргентина астанасы Буэнос-Айреске әлемнің түкпір-түкпірінен танго биін ұнататындар жиналып жатыр. Өйткені, мұнда күні кеше танго фестивалі бастау алды. Екі аптаға созылатын би марафонының ашылу рәсімін «Үлкен секстет» атты әлемге әйгілі танго-оркестр бастап берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің бағдарламасына сәйкес, мұнда түрлі концерттер, қойылымдар мен арнайы би сабақтары өткізілмек. Оған қоса, олар арнайы танго сүйер қауым үшін жәрмеңке өткізбекші. Яғни жиылған жұрт осы биге арналған киім-кешектер, кітаптар мен кәде-сыйлардың түр-түрін сатып алуына болады. Ал, тамыздың 19-ы күні фестиваль аясында тангодан әлем чемпионаты басталады. Буэнос-Айрестегі би сайысында бағын сынауға әлемнің бірнеше елінен 500-ге жуық жұп жиналады. Сайыскерлердің шеберлігі дәстүрге сай екі түрлі санат бойынша, яғни салондық және сахналық танго ретінде сыналады. Ал, жарыс жеңімпаздарын әділқазылар алқасы тамыздың 26-сы мен 27-інде анықтайды. 

khabar.kz

16 тамыз 2013, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.