Атырау, 31 наурыз 2348
 ашықВ Атырау +16
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Маңғыстау облысында алаяқтар тұрғындардың шотынан 48 млн теңге жымқырған

Бейнежазба
192 просмотра
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында алаяқтар екі тұрғынның шотынан 48 млн теңге жымқырған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды. 

ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды.

Д. есімді азаматтың депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған. Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны. 

Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды. Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. А. есімді азаматтың есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз тұлғалармен иемденілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.



28 наурыз, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16