Атырау, 31 наурыз 22:21
 ашықВ Атырау +14
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Махамбетте көктемгі дала жұмыстары басталды

Сурет
643 просмотра

Өткен жылы Махамбет ауданында су тасқынының салдарынан егін егу жұмыстары кешеуілдеп, тіпті кейбір алқаптарды су басып қалған еді. Бірақ ауданның тауар өндірушілері бүгінде көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кеткен жайы бар. 

2025 жылы 71 шаруашылық пен жеке сектор 4500 г алқапты игеруді көздеуде, соның ішінде 500 г картоп, 1060 г көкөніс, 440 г бақша мен 2500 г мал азығын егуді жоспарлап отыр. Өткен жылы 2388 гектарға ғана егіс егілді. Бейбарыс ауылдық округінде "АйданаАгро" ШҚ Атырау-Орал тас жолы бойында 5,6 гектар болатын жылыжай құрылысын жүргізіп жатыр. Жалпы ауданда көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысына байланысты 1610 г жер жыртылып, мамыр айына дейін жер жыртуды толықтай аяқтауды көздеуде. 

Бұл кезде 159 ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде шынжыр табанды 15 дана трактор, 40 доңғалақты трактор, 13 соқа, 11 сыдыра жыртқыш, 15 қопсытқыш, 16 дән аршушы, 18 тырма, 16 дән сепкіш, 15 бүріккіш техникалары жұмысқа тартылмақшы. 

- Сондай-ақ 1612 тонна, оның ішінде 1500 тонна  картоп, 8 тонна көкөніс, 1,5 тонна бақша, 103 тонна мал азығы тұқымы қажет етілуде. Атырау қаласындағы шетелдік элиталық тұқымдар "BЮ TECHNO", "Агро-Әлем" ЖШС-тері арқылы, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы Астрахан, Волгоград қалаларынан сатып алынуда. Көктемгі егіс жұмысына 8 шаруашылық 260 тонна жеңілдетілген дизель отынына сұраныс беріп, бүгінде тасымалдануда. 18 ШҚ 494 тонна аммиак селитрасы, 3 шаруашылық 5 тонна аммофос тыңайтқышына сұраныс беріп, күні бүгінде келісім шарттар жасалуда, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Олжас МЫРЗАБАЕВ. 

Бұдан әрі бөлім басшысы егіс жұмысына шетелдік 313 адамға сұраныс берілгенін, аудандағы 9 каналдан су алу үшін шаруашылықтар "Табиғат" РМК-мен келісім шартқа отырып жатқанын жеткізді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 наурыз, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16