Атырау, 31 наурыз 1416
 ашықВ Атырау +18
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда

219 просмотра
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 2025 жылғы 7 мамырда Астанада өтетін Жеңіс шеруіне белсенді дайындық жүргізуде. Ұландықтар бронды көліктерге техникалық қызмет көрсетіп, әскери техниканың корпустарын жаңалауда.  Одан бөлек дөңгелектерін қаралап, әскери техниканың мінсіз көрінуін қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Шеруге Ұлттық ұланның заманауи бронды техникасының 17 бірлігі, оның ішінде «Барыс» 6 × 6, «Алан-2», сондай-ақ «Cobra II» қатысады. Бұдан бөлек қауіптілігі жоғары  аймақтарда 17 адамға дейінгі жеке құрамды тасымалдауға қауқары бар  «Урал ВВ» машинасы ұсынылады.

- Оқ өткізбейтін дөңгелекті бронды көліктер жеке құрам мен жүктерді  тасымалдауға, сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған, – деп атап өтті бронды танк қызметінің бастығы Арсен Шаймарданов.

Шеру кезінде техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жауынгерлік машиналардың экипаждары, жүргізушілері, техникалық мамандары және медициналық қамтамасыз ету топтары жұмылдырылған.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның құрамында механикаландырылған колоннадан басқа шеруге 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын  екі колоннаның сап түзеп өтуі жоспарланған. Сондай-ақ,  Қазақстанның Күш құрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкалық сүйемелдейді.

Биыл Жеңіс шеруіне ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының 4,5 мың әскери қызметшісі қатысады. Алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдер жауынгерлік туларын салтанатты алып өтеді. Сап түзеген колонналар әскери жылдардағы киім үлгісінде болады.

28 наурыз, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16