Атырау, 1 сәуір 1102
 бұлттыВ Атырау +19
$ 504.44
€ 545.65
₽ 5.95

Теміртаудың 87 жастағы тұрғыны сот арқылы қысыммен сыйға берген пәтерін қайтарып алды.

180 просмотра

Теміртау қаласының 87 жастағы тұрғыны өгей қызының үстінен пәтерді сыйға тарту шартын жарамсыз деп тануды талап етіп сотқа жүгінген, деп хабарлайды Жоғарғы сот.

 Ол жасына және есту қабілетіне байланысты мәміленің мәнін түсінбей, қысыммен құжаттарға қол қойғанын алға тартқан.

Теміртау қалалық соты талап қоюшының жалғызбасты қарт ретінде есепте тұрғанын, оған әлеуметтік қызметкер бекітілгенін, сондай-ақ есту қабілетінен айырылғанын анықтады.

Сыйға алу шартында пәтер оны сыйға беруші қайтыс болғаннан кейін өгей қызына өтуі көзделген, бұл орайда талап қоюшы онда тұруы және оны күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарды өзі төлеуі қарастырылған. Сол күні өгей қыздың пайдасына өсиет жасалған.

Куәлер өгей қызы өгей әкесіне сирек келетінін, ал талап қоюшының өзі пәтерден ешқашан шықпайтынын растаған.

Тағы бір куә талап қоюшының ауруханаға хабарласып, көмек сұрағанын және сыйға тарту актісіне алаңдаушылық білдіргенін айтқан. Алаяқтықтан күдіктеніп, ол сотқа арызданған.

Заң бойынша, егер мәміле қысыммен немесе алдаумен жасалса, мәміле жарамсыз деп танылады.

Сонымен қатар, сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сыйға алушыға мүлікті беруді көздейтін сыйға тарту шарты жарамсыз болып табылады.

Сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды: даулы пәтерді сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

28 наурыз, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.