
ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Жамбыл облысындағы сезімталдығы туралы мәліметтер:
Есептік қарқындылығы:
Мерке ауылы 5.0 б.
Кұлан ауылы 4.0 б.
Шу қаласы 2.0 б.
Толе Би ауылы 2.0 б.
Сарыкемер ауылы 2.0 б.
Тараз қаласы 2.0 б.
Қордай ауылы 2.0 б.
Аса ауылы 2.0 б.
Мойынкұм ауылы 2.0 б.
Сағат 04:30 жағдай бойынша Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары ден қоюға дайын.
«Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, сондай-ақ көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізді. Қосымша ЖП патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ықтимал зақымдану мәніне көзбен шолып қарауды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейді.
Жедел әрекет ету үшін ҚР ТЖМ мен ТЖД Командалық орталығында жедел желі ашылды: +7 7172 55-96-21, + 7 262 51-35-75.
Сонымен қатар, ТЖМ командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды. ҚР ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс өткізілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Қазақстанның ТЖМ жағдай мониторингін жалғастыруда. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын.
Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды - қауіп жоқ.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ