Атырау, 14 ақпан 17:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

ҚТЖ - Жүк тасымалында бәсекелестікке қарсы келісім анықталды

262 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде HILL Corporation ЖШС мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім анықталды.

Тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-ЖТ» локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей,  арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыдан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады.

БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған болатын. Алайда, 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы Сот қаулысына сәйкес, жергілікті соттардың «HILL Corporation» ЖШС мен «КТЖ-Жүк тасымалдау» ЖШС қатысты Агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді.

Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асты.

28 наурыз 2025, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.