Атырау, 31 наурыз 1811
 ашықВ Атырау +13
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Құлсарыда әйел пышақ жарақатынан қаза болды - күдікті ұсталды

813 просмотра
Көрнекі сурет

27 наурыз күні 16.00 шамасында Жылыой ауданы Құлсары қаласында жантүршігерлік қанды оқиға орын алды. 

Бейресми ақпарат бойынша, оқиға қаладағы емханада орын алған. Аудандық ауруханада жұмыс жасайтын, 1995 жылғы келіншекті кабинетінде өлтіріп кеткен. Пышақ жарақатынан әйел оқиға орнында жантәсілім еткен.

Атырау облыстық полиция департаменті: "Жылыой ауданы, Құлсары қаласында болған оқиғаға қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталды. 33 жастағы күдікті із суытпай ұсталып, қамауға алынды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 наурыз, 01:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16