
2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың 12 наурызына дейін Қайнар тұрғын үй алабындағы 530 жер учаскесі 2007 жылдан бері кезекте тұрған азаматтарға толық табысталды.
Бұл шешім қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 11 қыркүйектегі тұрақты комиссиясының отырысында инженерлік желілерді ұрлаудың алдын алу және жеке тұрғын үй құрылысына дайындалған аумақтарды ретімен игеру мақсатында мақұлданған.
Атырау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылдың 13 наурызынан бастап жер телімдерін беру уақытша тоқтатылды, жаңа тұрғын үй аумақтарын дайындап, инженерлік желілер тартылғаннан кейін жер бөлуді қалпына келтіріледі.