Атырау, 31 наурыз 1702
 ашықВ Атырау +18
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

​Атырауда мұнай-газ саласы мамандарының қатысуымен «Жұмысшыдан жұмысшыға» нетворкинг ​іс-шарасы өтті

Сурет
662 просмотра

Атырауда «Жұмысшыдан ─ жұмысшыға» атты нетворкинг кездесу өтті, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорындары ─ Өзенмұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз, Ембімұнайгаз, ҚазақойлАқтөбе, ҚазТрансОйл, ҚазГӨЗ, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытының 41 маманы қатысты.

Бұл ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі.

Олар үшін мынадай басты бағыттар бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды:
-биікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік;
-болтинг (гидротестілеу);
-дәнекерлеу технологиясы.
 
Тәжірибе алмасу және озық практикаларды зерделеу мақсатында қатысушылар «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» мен АМӨЗ-дің өндірістік нысандарына, сондай-ақ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалының «Керн материалын зерттеу» зертханасына барды.

Жалпы, нетворкинг алаңы тәжірибе алмасумен бірге жұмысшы мамандықтар иелеріне білімін тереңдетуге, заманауи технологияларды игеруге және үздік тәжірибелерді үйренуге мүмкіндік берді. Мұндай формат жұмысшы мамандықтардың дамуына, кәсіби біліктілікті арттыруға және мұнай-газ саласындағы жұмыс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

27 наурыз, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16