Атырау, 1 сәуір 03:58
 ашықВ Атырау +16
$ 504.44
€ 545.65
₽ 5.95

​28 наурыздан бастап жаңа 1 000 теңгелік банкнота шығады

287 просмотра

2025 жылғы 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкнота айналымға шығады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.  

Бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Дегенмен, банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.

27 наурыз, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.