Атырау, 31 наурыз 00:57
 ашықВ Атырау +17
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

​Ұландықтар су тасқынының алдын алу үшін​ Ойыл өзені жағалауын​ нығайтуда

513 просмотра

Атырау облысында су тасқынына қарсы белсенді шаралар жалғасуда.  Ұлттық ұлан сарбаздары Ойыл өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына белсенді кірісті. 

Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабының мәліметі бойынша, шара барысында жауынгерлер бес күн ішінде 8000-ға жуық қапқа құм толтырды. Қазір олар осы қаптарды су басу қаупі жоғары аймақтарға тасымалдап, Ойыл өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл маңызды іске Ұлттық ұланның 60-қа жуық сарбазы жұмылдырылған. Олардың басты мақсаты — тасқын қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

27 наурыз, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16