
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұл оқиға биылғы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқан кезде орын алды.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдауда.
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.