Атырау, 31 наурыз 0934
 ашықВ Атырау +24
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары CNPC басқарушы директоры болып тағайындалды

920 просмотра 1 комментарий

Ержан Әбілханов CNPC International Kazakhstan акционерлерімен жұмыс жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды, деп хабарлайды "Нефтегазовый совет Казахстана".

Жаңа қызметінде ол ҚР Үкіметімен стратегиялық келіссөздер және инвестициялық бастамаларды, сондай-ақ салалық қауымдастықтармен, серіктес құрылымдармен өзара іс-қимылды қадағалайды.

Ержан Әбілхан 1984 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген, әкесі «Өзенмұнайгаз» құрылымында жұмыс істеген. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. 2006 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай және газ факультетін бітіріп, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша білім алған. 

2009 жылы Малайзия технологиялық университетінде мұнай ғылымы саласының магистрі дәрежесін алған.
Ержан Әбілхан CNPC-ге тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

  • Бұған дейін түрлі инженерлік-басқару қызметтерінде жұмыс істеген: 
  • кен орны, аға және жетекші инженер, одан кейін CMOC B.V. техникалық директоры,
  • Атырау облысы әкімінің орынбасары ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, 
  • «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директорының орынбасары, 
  • ҚПО (Karachaganak Petroleum Operating) консорциумының қазақстандық бизнесті дамыту жөніндегі басқарушысы.

Ержан Әбілхан – Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушысы, «Болашақ» халықаралық білім бағдарламасының түлегі.

27 наурыз, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16