Атырау, 31 наурыз 1403
 ашықВ Атырау +18
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Сеул: КХДР Ресейге қосымша 3000 әскери қызметкер жіберді

346 просмотра

Пхеньян Украинаға қарсы соғысқа әскер жіберіп, Ресейді зымырандармен, артиллериямен және оқ-дәрілермен жабдықтап жатыр жеп мәлімдеді Сеул. Оңтүстік Кореяның есебінше, КХДР-ден келген 11 мың әскердің 4000-ы қаза тапты немесе жараланды, деп хабарлайды dw.com.

Солтүстік Корея жыл басынан бері Мәскеу жағында Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатқан күштерді нығайту үшін Ресейге тағы 3000 әскери қызметкер жіберді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитеті бейсенбі, 27 наурызда мәлімдеді.

Сеулдің есебінше, Ресейге алғашқыда жіберілген 11 мың КХДР әскерінің 4000-ы қаза тапқан немесе жараланған болуы мүмкін. Бұған қоса, Пхеньян Мәскеуге зымырандар, артиллерия және оқ-дәрі жеткізуді жалғастыруда. Оңтүстік Кореяның мәліметінше, Солтүстік Корея Ресейге "қысқа қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандардың едәуір көлемін", сондай-ақ граната атқыштар мен реактивті жүйелерді жеткізгені анықталды. Сеулдегілер майдандағы жағдайға байланысты бұл сан артуы мүмкін деп ескертті.

Оңтүстік Корея, Украина және АҚШ-тың есебінше, КХДР 2024 жылдың қазанынан бастап Украинамен шекаралас Ресейдің Курск облысына шамамен 10 мың әскери қызметкерді орналастырған. Қаңтар айының соңында The New York Times американдық газеті және Sky News британдық телеарнасы КХДР күштерін көп шығынға ұшырауына байланысты майдан шебінен әкетуге тура келгенін хабарлады.

27 наурыз, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16