
Сенат дене шынықтыру және спорт туралы заңға түзетулерді қабылдады. Жаңа нормалар спорттың басым түрлерін дамытуға жұмсалатын бюджет қаратаны тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл өзгерістер саладағы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталып отыр.
- Ұлттық спорт федерациялары өңірлік федерацияларға қарағанда басымдыққа ие болады.
- Кәсіби клубтарды қаржыландыруға шектеу енгізіліп, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортына басымдық беріледі.
- Жергілікті билік дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтердің бағасын реттей алады.
- Спорттық медицина мен спортшыларды даярлау стандарттарын дамыту шаралары күшейтілді.
- Спорт саласындағы мемлекеттік ұйым басшыларының ротация институты енгізілді.
- Шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды.
27 наурыз, 11:40