
Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікпен 22 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады.
Тексеру кезінде оның жалдап тұрған пәтерінен екі түйіншек пен екі электронды таразы, кейін тергеу әрекеті барысында үш түйіншек табыдған. Жалпы 5 түйіншектің құны 150 мың теңге болатын 4 грамға жуық марихуана тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297 бабы 3-ші бөлігі 1-ші тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА