Атырау, 30 наурыз 18:19
 ашықВ Атырау +12
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

​«ҚазМұнайГаз» 2024 жыл үшін есеп берді

634 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың есебімен қоса, 2024 жылға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылғы негізгі қаржылық көрсеткіштер:

  • Түсім 8 320 млрд теңгемен (18 236 млн  АҚШ долл.) салыстырғанда 8 330 млрд теңгені (17 750 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші  2 007  млрд теңгемен (4 398 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2 001  млрд теңгені (4 264 млн АҚШ долл.) құрады; 
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесті есептегенде,  Компанияның таза пайдасы 927 млрд теңгемен (2 031  млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 094 млрд теңгені (2 332 млн АҚШ долларын) құрады. 
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда 1 012 млрд теңгемен (2 219 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 264 млрд теңгені (2 694 млн АҚШ долларын) құрады;[2]
  • Бос ақша ағымы 984 млрд теңгемен (2 157 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 199 млрд теңгені (2 555 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2023 жылғы 31 желтоқсандағы 3 757 млрд теңге (8 265 млн.  АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 967 млрд теңгені (7 555 млн. АҚШ доллары) құрады;
  • 2024 жылғы 31 желтоқсанда Компанияның таза қарызы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы 1 645 млрд теңге (3 620 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) құрады.

2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдың басты өндірістік көрсеткіштері:

  • ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қорлары (2P) 2,4%-ға төмендеп, 716 млн тонна м.э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,3%-ға өсіп, 23 837 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 3,9%-ға ұлғайып, 83 478 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстан және Румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ)  өңдеу көлемі өткен кезеңдегі 19 593 мың тоннамен салыстырғанда 19 158 мың тоннаны құрады.

2024 жылғы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім

Компанияның 2024 жылғы түсімі 8 330 млрд теңгені (17 750 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары. Түсімнің тұрақтылығына бірқатар факторлар ықпал етті, соның ішінде мұнай өндіру мен тасымалдау көлемдерінің өсуі. Бұл Кашаган кен орнында шикі газды айдау компрессорларын жөндеу және слаг-кэтчерді ауыстыру бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстары салдарынан шикі мұнай сатылымының төмендеуі нәтижесіндегі, сондай-ақ KMG International-дың Петромидиа мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өнімдері сату көлемінің  азаюынан болған  теріс әсерін өтеді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 0,6%-ға азайып, 531 млрд теңгені (1 132 млн АҚШ долл.) құрады. Бұған негізінен Сағалық қысымды басқару жобасының нысандарын пайдалануға беру есебінен амортизация  шығыстарының ұлғаюына байланысты  «Теңізшевройл» ЖШС-нен түсетін пайданың 37 млрд теңгеге (80 млн АҚШ долл.), яғни 303 млрд теңгеге дейін (647 млн АҚШ доллары) азаюы ықпал етті. . Сондай-ақ, «ҚазРосГаз» ЖШС пайдасындағы үлес 40,7%-ға 19 млрд теңгеге (41 млн АҚШ долл.) төмендеді, бұның себебі — газ сату бағасының арзандауы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ пайдасындағы үлес те мұнайды экспортқа сату көлемінің азаюына байланысты 6,6%-ға 36 млрд теңгеге дейін (76 млн АҚШ доллары) төмендеді. 

EBITDA 

2024 жылы EBITDA көрсеткіші 2 001 млрд теңгені (4 264 млн АҚШ долларын) құрап, 0,3%-ға төмендеді. Көрсеткіштің динамикасына оң және теріс факторлар әсер етті. Оң факторларға теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамының 456,21-ден 469,31-ге дейін ұлғаюы, сондай-ақ Доңға кен орнын консолидацияға қосылуы  кірді. Теріс факторлар ретінде өндірістік жұмыстар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың артуы, сондай-ақ еңбекақы шығыстарының көбеюі атап өтіледі.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд мөлшерін көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 3,8%-ға өсіп, 2 171 млрд теңгені (4 626 млн АҚШ долл.) құрады.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2023 жылмен салыстырғанда 18,1%-ға ұлғайып, 1 094 млрд теңгені (2 332 млн АҚШ  доллары) құрады. Пайданың өсуіне оң бағамдық айырмашылық, басқа қаржылық кірістер, сондай-ақ негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құнсыздану шығындарының, негізгі құралдарды салуға берілген ұзақ мерзімді аванстардың және барлау шығындарының төмендеуі себеп болды.  Басқа қаржылық кіріске оны түрлендіруге байланысты қаржы құралының әділ құнындағы өзгерісті тану және қарыз бойынша міндеттемелерді тануды тоқтату әсер етті.

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 1 012 млрд теңгеден (2 219 млн АҚШ долл.) 24,9%-ға, яғни  1 264 млрд теңгеге  (2 694 млн. АҚШ доллары) артты.  

Сатып алынған мұнайдың, мұнай өнімдерінің және өзге материалдардың өзіндік құны

Есепті кезеңде сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны 5,9%-ға төмендеп, 4 347 млрд теңгені (9 263 млн АҚШ долларын) құрады. Бұған негізінен мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. 

Операциялық шығыстар

Өндірістік шығыстар 14,7%-ға өсіп, 1 399 млрд теңгені (2 980 млн АҚШ долл.) құрады, бұл көрсеткішке компания қызметін жүргізетін өңірлерде  («Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС)  өндірістік персоналдың жалақысын төлеу бойынша шығыстардың өсуі, сондай-ақ өндірістік сипаттағы жұмыстар мен  қызметтерге жұмсалатын шығыстардың және ішкі логистикаға  ауыспалы шығындардың өсуі және дайын өнім мен аяқталмаған өндірістегі өзгерістер ықпал етті.

Есепті кезеңде тасымалдау және сату шығыны 268 млрд теңгені (571 млн АҚШ долларын) құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен 9,1%-ға жоғары болды. Шығындардың өсуі негізінен KMG International және «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бойынша жүктеу, тасымалдау және сақтау шығыстарының артуымен байланысты.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 53,2,%-ға артып, 254 млрд теңгені (542 млн АҚШ долларын) құрады.    Бұл көрсеткіш «ҚазРосГаз» ЖШС-де 50% қатысу үлесін сенімгерлік басқару қызметі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы «QazaqGaz» ҰК АҚ сыйақысын 53,3 млрд. теңге (114 млн АҚШ доллары) мөлшерінде есептеумен, сондай-ақ 2024 жылдың сәуір-мамырында су тасқынынан зардап шеккендерге Samruk-Kazyna Trust арқылы 10,0 млрд. теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетумен байланысты өсті.

Табыс салығынан басқа салықтар 593 млрд теңгені (1 264 млн АҚШ долларын) құрады. 2024 жылы KMG International Румынияның № 296/2023 Заңына сәйкес айналым салығын 28,5 млн евро  (14 млрд теңгеге немесе 31 млн АҚШ долларына тең) көлемінде төледі.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы

2024 жылы негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, құрылысқа берілген ұзақ мерзімді аванстардың және барлау шығындарының құнсыздану сомасы 70 млрд теңгені (149 млн АҚШ долларын) құрады. Ұзақ мерзімді активтер бойынша құнсыздану шығындары 48 млрд теңгені (102 млн АҚШ долларын) құрады, олардың басым бөлігі Жаңаөзен қаласындағы теңіз суын тұщыландыру зауыты мен оған қатысты инфрақұрылымның құнсыздануымен байланысты. Барлау және бағалау активтері бойынша құнсыздану шығындары 22 млрд теңгені (46 млн АҚШ долларын) құрады, олардың басым бөлігі «Абай» жобасына тиесілі – 18 млрд теңге (38 млн АҚШ долларын).

Күрделі шығындар 

Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар 716 млрд теңгені (1 526 млн АҚШ долларын) құрады және «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырын реконструкциялау мен кеңейтуді аяқтау нәтижесінде  «ҚазТрансОйл» АҚ-да күрделі шығындардың азаюына байланысты 10,9%-ға төмендеді.

Ақша ағымдары бөлінісінде күрделі шығындар 645 млрд теңгені (1 374 млн. АҚШ), яғни 5,7%-ға төмендегенін көрсетті. Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және барлау және бағалау жөніндегі активтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардың азаюына корпоративтік орталық деңгейінде барлау және бағалау активтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың төмендеуі және «ҚазТрансОйл» АҚ-да негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалатын шығыстардың төмендеуі себеп болды.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер 701 млрд теңгені (1 494 млн АҚШ долларын) құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға өсті. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтердің өсуі, негізінен, 2024 жылы ММГ тарапынан 45 млрд теңге немесе 95 млн АҚШ доллары көлемінде дивидендтердің төленуімен, сондай-ақ «ҚазРосГаз» ЖШС-дан алынған дивидендтердің ұлғаюымен байланысты (2024 жылы 53 млрд теңге немесе 114 млн АҚШ доллары, ал 2023 жылы – 553 млн теңге немесе 1 млн АҚШ доллары). Сонымен қатар, ПКИ төлеген дивиденд 15 млрд теңгеге (32 млн АҚШ долларына) өсіп, 18 млрд теңгеге (38 млн АҚШ долларына) жетті.

Бос ақша ағымы

Бос ақша ағымы 2023 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға ұлғайып, 1 199 млрд теңгені (2 555 млн АҚШ долларын) құрады.   Көрсеткіштің өсуі операциялық қызметтен алынған таза ақша ағымдарының өсуіне, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд көлемінің өсуіне, сондай-ақ күрделі шығындардың төмендеуіне байланысты.

Қарызды басқару

Борыштық жүктеменің көрсеткіштері

ҚМГ-ның жалпы қарызы негізінен АҚШ долларымен номинацияланған (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 75%). Есепті кезең ішінде Компания 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда борыш көлемін доллармен есептегенде 8,6%-ға 7 555 млн АҚШ долларына дейін төмендетті. . Теңгемен есептегенде жалпы қарыз 3 967 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%-ға ұлғайды. Теңгедегі көрсеткіш есепті кезеңде ұлттық валюта бағамының өзгеруіне, сондай-ақ 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына ҚМГ шығарған облигациялардың купондық мөлшерлемесінің 3%-дан 9,3%-ға дейін артуына байланысты өсті.

2024 жылы 12 қыркүйекте Компания  750 млн АҚШ доллары (358 млрд теңгеге тең) сомасына 2027 жылы өтелуі тиіс  облигацияларды  мерзімінен бұрын ішінара өтеді.

Қарыздар «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС және KMG International қарыздарын ішінара өтеуді көрсете отырып, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 4,4%-ға, 679 млрд теңгеге (1 294 млн АҚШ долларына) дейін төмендеді. KMG International жалпы сомасы 72 млн АҚШ долл. (34 млрд теңгеге тең) синдикатталған қарызды ішінара өтеді, сондай-ақ ING Bank NV-ден алынған жалпы сомасы 29 млн АҚШ долларына (14 млрд теңгеге тең) қарызды өтеді. «АМӨЗ» ЖШС және «ПМХЗ» ЖШС жалпы сомасы 47 млрд теңгеге Қазақстанның Даму банкінен алған қарызды ішінара өтеді. «АМӨЗ» ЖШС және «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы 21 млрд теңгеге «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қарызын ішінара өтеді.

2024 жылы KMG International қолданыстағы кредиттік желілер аясында Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd. банкінен айналым капиталын қаржыландыру үшін жалпы сомасы 36 млн АҚШ доллары (17 млрд теңгеге тең) көлемінде қарыз алды. 2024 жылы «ҚазГӨЗ» ЖШС 2022 жылы газ өңдеу зауытын салу мақсатында жасалған кредиттік желі шеңберінде «Қазақстан Халық Банкінен» алғашқы транш ретінде 48 млрд теңге алды.

2024 жылы ҚР Энергетика министрлігінің Жеңіс жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы хабарламасы негізінде Компания Лукойл Қазақстан Апстримнен 48 млрд теңге сомаға алынған қарызды (carry-қаржыландыру) тануды тоқтатты.

Таза қарыз 

2024 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарыз  2023 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда теңгемен 29,3%-ға және доллармен 38,8%-ға төмендеп, 1 163 млрд теңгені (2 214 млн АҚШ долларын) құрады.  

Ақша қаражаты 

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ  депозит түріндегі  ақша қаражаты

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, оның ішінде 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша депозит түріндегі ақша қаражаты  2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 32,8%-ға артып, 2 805 млрд теңгені құрады. Доллармен есептегенде бұл көрсеткіш   2023 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 15,0%-ға ұлғайып, 5 341 млн АҚШ долларына жетті.  

Көрсеткіштер және есептеу нәтижелері жуықтап көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде жуықталмай, нақты мәндер қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kmg.kz/investors/reporting/

26 наурыз, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.