Атырау, 30 наурыз 15:44
 ашықВ Атырау +15
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Германияда Шольц пен оның үкіметі отставкаға кетті

304 просмотра
Сурет: Akorda.kz

Германияда канцлер Олаф Шольц пен оның үкіметі отставкаға кетті, деп жазады Nege.kz.

Бундестагтың бірінші отырысында президент Франк-Вальтер Штайнмайер Шольц пен 14 министрге отставка туралы куәлік тапсырған. Мемлекет басшысы оларға қызметі үшін алғыс айтты. 

Салтанатты рәсім Берлин орталығындағы Бельвю президент сарайында өтті. Дегенмен ескі үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша қызметте қалады. Мұндай тәртіп заңда қарастырылған.

Болашақ канцлер Фридрих Мерц жаңа министрлер кабинетін сәуірдің 20-да құруға уәде берді. Бундестагқа кезектен тыс сайлау ақпанның 23-де өтті. Онда Мерц басқаратын блок жеңіске жеткен еді. 

26 наурыз, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16