
Бұл жаңа Yutong ZK6116HG маркалы автобустар. Аталған қоғамдық көліктің жалпы жолаушы сыйымдылығы 78 адам, оның ішінде 29 орын – отыратын орындар.
«Akzhayik Avtopark» компаниясының мәліметінше, бұған дейін №14 «Авангард ықшам ауданы – Темір жол вокзалы» бағытындағы маршрутта 18 автобус қызмет көрсетсе, енді олардың саны 20-ға жетті. Сонымен қатар, осы маршруттан босаған 8 ескі Yutong автобусы №50 «Дамбы ауылы – Авангард ықшам ауданы» бағытына ауыстырылды. Олар бұрын қызмет еткен дизельді Ankai HFF6101GK39 автобустарын алмастырады.

Жаңа автобустарда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған орындар мен пандус қарастырылған, бейнебақылау камералары мен кондиционер орнатылған.
«Жыл соңына дейін тағы да жаңа автобустар алуды жоспарлап отырмыз», – деді «Akzhayik Avtopark» ЖШС басшысы Қуантай Қалманов.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жолаушылар тасымалына 200 жаңа автобус қосылатыны туралы хабарланған еді. Қазір қалада 5 автопарк жұмыс істеп, 250 автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ