Атырау, 30 наурыз 0333
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Қызылорда облысында ірі көлемде есірткі сақтау және тарату дерегі анықталды

278 просмотра
Сурет: Caravan.kz

Арал аудандық прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен есірткі тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасы. 

Самара-Шымкент тас жолы бойында Шижа елді мекенінің тұсында есірткі сақтады деген күдікпен автокөлік тоқтатылып, жүргізушіні тексеру барысында 9 полиэтилен пакетке оралған салмағы 557 гр. болатын кептірілген марихуана анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

26 наурыз, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16