Атырау, 23 қараша 14:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркі тілдес елдер басшылары Бакуде бас қосты

2 759 просмотра

Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия басшылары Бакуге түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне жиналып жатыр.

15 тамызда төрт елдің сыртқы істер министрлері кездесті. Саммит 16 тамызда Бакуден 200 километр жердегі Габала қаласында өтпек.

Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясының бас хатшысы, әзербайжандық Рамиль Хасановтың айтуынша, саммитте төрт ел арасында еркін сауда аймағын құру мәселесі талқыланбақ.

Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің алғашқы саммиті 2011 жылы Алматыда өткен еді. Ол саммит экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналған.

Түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін ұйым осы елдердің тілдері мен мәдениеттерін сақтап, саяси-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту үшін құрылған - деп хабарлады ҚазАқпарат

16 тамыз 2013, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.