Атырау, 30 наурыз 0152
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Олжас Бектенов коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау жүйесін цифрландыруды тапсырды

250 просмотра
Үкімет баспасөз қызметінің фотосы

Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Ukimet.

«Жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Оларды қайта өңдеу көлемі шамалы, небәрі 11%-ды құрайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Сонымен қатар кен орындарындағы үйінділердің құрамында бағалы және сирек кездесетін металл қоспалары бар. Оларды алу үшін тиімді жаңа технологияларды қолдану қажет. Энергетика кәсіпорындарының күл үйінділері де көбейіп барады.
Барлық қалдықтарды тиімді басқарудың айқын жүйесін жасап, оны цифрландыру қажет. Дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы қалдықтарды жойып қана қоймай, олар өңделіп, қайтадан кәдеге жаратылуға тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Экология, Өнеркәсіп, Энергетика және Цифрландыру министрліктеріне коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау саласында цифрлық шешімдер әзірлеу тапсырылды.

 Премьер-министр бүгінде отандық тау-кен компаниялары қалдықтарды қайта өңдеп, оның ішінде құрылыс материалдары мен тыңайтқыштар және басқа да 30-ға жуық өнім түрін шығаратын жобаларды бастағанын атап өтті.

26 наурыз, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16