Атырау, 30 наурыз 04:23
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Мақатта алғашқы мұнайды тасымалдаған түйелерге мүсін орнатылды

577 просмотра

Мұнайлы Мақат ауданының көркін арттыру және тарихи құндылықтарды дәріптеу мақсатында аудан орталығында көш керуенін бейнелейтін түйелер мүсіні орнатылды.

- ХХ ғасырда мұнайлы өлкеде "қара алтынды" түйелермен тасымалдаған кезеңді бейнелейтін бұл жылжымалы мүсіндер аудандық мәдениет үйінің маңына қойылды. 100 жылдық тарихы бар ауданның даму жолы мен жетістіктерін бейнелейтін бұл ескерткіш жас ұрпаққа алғашқы мұнай тасымалының қалай жүзеге асқанын ұғындыруға септігін тигізеді, – деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түйелер керуені мүсінін жасау туралы бастаманы аудан әкімі Азамат Мәмбетов пен тарихшы-өлкетанушы Орақ Деңгелбаев көтерген. Ал мүсіннің авторы – елордалық мүсінші Ершат Жолдас.

Айта кетейік, ХХ ғасырдың басында Ембі мұнайлы алқабында, нақтырақ айтқанда, Доссор кен орнында 1911 жылы алғашқы мұнай өндірілді. Сол кезеңде "УКНО" және "Эмба" мұнай компаниялары өндірілген мұнайды тасымалдау мәселесін шешу қажеттілігіне тап болды. Осы мақсатта жергілікті тұрғындардың түйелері жалға алынып, мұнай бөшкелері түйелерге артылып немесе арбаларға тиеліп, белгіленген бағытқа жөнелтілетін. Бұл тасымал әдісі Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдарда да кеңінен қолданылды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті Мақат ауданы әкімдігі ұсынды 

26 наурыз, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.