
23 наурызда Қандыағаш қаласында екі кәмелет жасқа толмаған балдардың денесі табылды.
Полицейлердің мәліметінше, олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны, ұсталды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған.
Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу полиция басшылығының бақылауында.