
Екі мыңнан астам фотосуреттің ішінен атыраулық Олеся БАЛАШОВАНЫҢ жұмысы "Черно-белое. Запечатлеть душу" атты бүкілресейлік фотокөрмеге қатысу үшін таңдалды.
Қазылар алқасына ұнаған фотосуретте Жайық өзенінің жағасындағы бала бейнеленген. Бұл сурет 21 наурызда Қазан қаласындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының заманауи өнер галереясында ашылған фотокөрмеге қойылды. Автор бұл суретті «Арманыңа сен» деп атады.
Көрменің мәні - эмоциялар мен сезімдерді білдіру. Бірақ фотографтар тек ақ-қара түсте суретке түсіру керек болды. Фотожурналист Тед Грант: «Адамдарды түрлі-түсті суретке түсіргенде, олардың киімдерін суретке түсіресіз. Ал ақ-қара фотосуретке ауысқанда, сіз олардың жанын түсіресіз», деп атап өткен болатын.
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Russian Photo Expo – фотографтар үшін ауқымды, әсерлі, мәртебесі жоғары, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын көрмелер ұйымдастыру жобасы. "Офлайнға өтіңіз!" - бұл фотографтарды әлемге, тірі адамдар әлеміне, жанды қарым-қатынас әлеміне шығармашылық қабілеттерін ашу үшін әлеуметтік желілер мен виртуалды коммуникация шеңберінен шығуға шақыратын жоба ұраны. Байқау қорытындысы бойынша 100 финалист пен 27 жеңімпаз көрермендердің дауысы негізінде анықталады. Басты номинация – жыл фотосы атағын жерлесіміз жеңеді деп үміттенеміз.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА