
Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында көктемгі су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Бүгін аталмыш ауылға Ұлттық ұланның “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің 60-қа жуық сарбазы табиғи апаттың салдарын болдырмау мақсатында төтенше шараларға жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта құқықтық тәртіп әскері қаптарға құм толтырып, оларды су басу қаупі жоғары аймақтарға жеткізу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.