Атырау, 26 қараша 05:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңа пойыз: ақша мен уақыт

6 126 просмотра

22 тамызда ел астанасынан «Тұлпар-Тальго» вагондарын тіркеген «Астана-Атырау» бағытында №19/20 жаңа жүрдек пойызы жолға шығады.

ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа пойыз төрт күнде бір жүреді. «Жол жүру уақыты - Астанадан Атырауға дейін 22 сағат 57 минут және Атыраудан Астанаға дейін 22 сағат 15 минут», - делінген баспасөз хабарламасында.

Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, олардың екеуі «Гранд» санатты (жеке әжетханасы мен душы бар екі орындық люкс), екеуі «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, үш техникалық, бір вагон-бар мен бір мейрамхана вагоны.

«Сарайшық» жүрдек пойызы (Алматы-Атырау) сияқты «гранд» санатты вагондардың бірінде физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға арналған купе қарастырылған. Алайда бағалардың қымбаттылығына байланысты мүгедектер мұндай жайлы сапарға қол жеткізе алмайтын да шығар. Өкінішке орай, оларға жеңілдіктер қарастырылмаған.

ҚТЖ сайтына билет сатып аламын деп тапсырыс беріп, ел астанасына жүретін екі пойызды салыстырдым: жаңа пойызбен 23 сағат жүресіз (бұрынғыда 34 сағат), екі орындық люкс – 29 645 теңге, екі орындық купе – 21 707, төрт орындық – 13 148 (бұрынғы пойызда купе мен плацкарт - сәйкесінше 8 163 және 4 984, арнайы вагон (СВ) жоқ. Таңдау өздеріңізде, алайда, сол сайтта, ескі пойызға билеттер сізге керек күні табылмауы мүмкін...
Сәуле ТАСБОЛАТОВА

16 тамыз 2013, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.