
Қазіргі таңда атмосфералық ауа сынамаларын талдаумен және зерттеумен облыстық экология департаменті емес, «Қазгидромет» РМК АФ және АМӨЗ зертханалары айналысуда. «АЖ» тілшісі мамандандырылған қызметтің лаборанттары неліктен қазіргі таңда өз жұмыстарын атқармай отырғанын анықтаған еді.
Белгілі болғандай, Атырау облысының экология департаменті 2024 жылдың желтоқсан айына дейін қаланың Солтүстік және Оңтүстік өнеркәсіп аймақтарында орналасқан кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерлерден сынама алумен және оларды зерттеумен айналысқан. Өткен жылдың өзінде мекеме ауа сапасына мониторинг жүргізу кезінде 198 сынама алып, оның 830-ы бойынша ұйғарым шығарылған.
Алайда желтоқсан айынан бастап департаментегі зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының қызметі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылды. Сынамаларды талдау функцияларын АМӨЗ бен Қазгидромет өз қолына алды. Экология департаменті қазіргі уақытта қала тұрғындарының арыз-шағымдары түскен жағдайда ғана шығып, ауа сынамаларының белгіленген тәртіп пен белгіленген әдістерге сәйкес алынуын қадағалайды.
Алайда экологтар өз ведомстволарындағы қолайсыздыққа қарамастан жұмыс жалғасып жатқанын айтады. «Атырау облысы су арнасы» КМК, «АМӨЗ» ЖШС, «Арнаулы автобаза» ЖШС және «Атырау Көлік құрылыс» ЖШС-ға қатысты шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету бойынша алдын ала жиналған 15 материал шара қолдану және жауапкершілікке тарту үшін Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Айтпақшы, 13 наурызда АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерде алынған ауа сынамаларында зауыт зертханасының өзі ШРК асқанын анықтаған жоқ. Бұл жолы сасық иіс қорытынды бойынша «Квадрат» булану алаңынан шыққан.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Сурет әлеуметтік желіден алынды, Атырау дәл қазір ұшар биіктен осылай көрінеді