Атырау, 22 наурыз 06:58
 бұлттыВ Атырау +8
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Бидайды Ресейге экспорттауға тыйым салынды

462 просмотра

Достастыққа қатысушы – мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің дирекциясы (ОТКК) «РЖД» ААҚ-ның өтініші бойынша Қазақстаннан Ресейге бірқатар жүктерді тасымалдауға уақытша конвенциялық тыйым салды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Шектеу бидай, жасымық және майлы зығыр тұқымдарына қолданылады және Қазақстан станцияларынан «РЖД» ААҚ-ның станцияларына барлық жөнелтілімдер үшін қолданылады. 

Бұл ретте тыйым Новороссийск (Солтүстік Кавказ темір жолы) және Новый Порт станциялары арқылы астықты транзиттік тасымалдауға әсер етпейді. Шектеулер «Новороссийский морской торговый порт» ЖАҚ және «Морской порт Санкт-Петербурга» АҚ-да соңғы баратын елге фитосанитариялық сертификаттар ресімделген және астықты вагондардан кеме трюмдеріне тікелей ауыстырып тиеген жағдайда осы станциялар арқылы астық транзитіне қатысты болмайды.  

20 наурыз, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16