Атырау, 22 наурыз 17:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Атырауда жалған доллардың ірі партиясын сатқан қала тұрғыны ұсталды

Бейнежазба
679 просмотра

Заң бұзушы 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол АҚШ-тың жалған 50 долларлық купюраларын сатты деген күдікке ілінді.

Белгілі болғандай, ұстауды ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам шетелден көлік әкеліп сатумен айналысқан. Қазір полицейлер жалған ақшаның ықтимал көздері мен оны тарату жолдарын анықтауда.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 наурыз, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16