Атырау, 22 наурыз 1110
 бұлттыВ Атырау +12
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Ақтау әуежайы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енді

523 просмотра

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен еліміздің кейбір арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңнамалыққа сәйкес Ақтау әуежайы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа ережеде арнайы экономикалық аймақ Маңғыстау облысының аумағында, атап айтқанда, Ақтау қаласы, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының аумағында орналасқан.

Бұл АЭА өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету, республиканың экономикасын әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жеделдету, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, жаңа өнім түрлерін шығару, инвестиция тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың заманауи әдістерін және шаруашылық жүргізу әдістерін енгізу, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды құру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында құрылды.

2027 жылдың соңына дейін әуежайды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңінде ұшу-қону жолағы мен перрон күрделі жөндеуден өтіп, қолданыстағы терминал жаңғыртылады және жаңа VIP-терминал салынады. Ал екінші кезеңде екінші ұшу-қону жолағы мен кеден қоймаларымен жабдықталған жаңа логистикалық орталық – мультимодальды транзиттік хаб іске қосылады.

Жоба аясында 720 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жылына 2,5 миллион адамға дейін артады. Әуежай арқылы тасымалданатын жүк көлемі қазіргі 3 000 тоннадан 100 000 тоннаға дейін ұлғаяды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Маңғыстау облысының ішкі өңірлік өнімі 12 пайызға өсіп, жалпы көлемі 3 триллион теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.

Жоба толық жүзеге асқаннан кейін Ақтау халықаралық әуежайы арқылы келетін ішкі және халықаралық туристер саны жылына 600 мың адамға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.

20 наурыз, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16