Атырау, 23 қараша 14:22
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті

1 432 просмотра

Қаза тапқандардың денесін мешітке әкеле жатыр. Каир, Египет, 15 тамыз жылҚаза тапқандардың денесін мешітке әкеле жатыр. Каир, Египет, 15 тамыз жылЕгипеттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 578 адамға жеткенін хабарлады. Полицияның 14 тамызда биліктен тайдырылған ел президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастарын күшпен таратуы кезінде үш жарым мыңнан астам адам жараланған.

Мурсидің "Мұсылман бауырлар" партиясының өкілдері "қаза тапқандар саны министрлік дерегінен әлдеқайда көп" дейді.

15 тамызда ішкі істер министрлігі "полиция мемлекеттік мекемелерді кез-келген шабуылдан қорғау үшін оқ ататынын" мәлімдеген. Министрлік бұл ескертуін Мурси жақтастары Каирдегі Газни ауданы әкімдігін басып алып, ғимаратқа өрт қойғаннан кейін жасады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше жиын өткізіп, үкіметті "барынша ұстамды болуға" және "бітімге келуге" шақырды.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.

Бейсенбіде полицияның әрекетіне наразылық акциялары Александрия мен Бени-Суэйф қалаларында да өтті. Бірақ шерушілер мен полиция қақтығысы болмаған.

Бейсенбіде Мұхаммед Мурсиді қамау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылды.

Сәрсенбіде бері Египетте бір ай мерзімге төтенше жағдай жарияланған.

azzatyk.org

16 тамыз 2013, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.