Атырау, 9 қазан 15:37
 дождьВ Атырау +23.8
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

​Атырауда ​Наурыз мерекесіне орай бірнеше көше жабылады

1 844 рет қаралды

Наурыз мейрамын тойлауға байланысты қаланың кейбір көшелері жабылып, көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігі.

"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Атырау қаласында ауқымды мәдени іс-шаралар өткізіледі. Осыған байланысты 21 наурыз сағат 08:30-дан бастап, 22 наурыз 18:30-ға дейін кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Сәтпаев көшесі – Ә.Молдағұлова көшесінен Ерниязов көшесіне дейін
- Тайманов даңғылы – Жарбосынов көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін
- Құлманов көшесі – Тайманов даңғылынан Ерниязов көшесіне дейін
Қала тұрғындарын алдын ала қозғалыс бағыттарын жоспарлауға шақырамыз. Мерекелік іс-шараларға келіп, Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтейік!" - делінген хабарламада.
20 наурыз 2025, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.