
Атырау қаласында Наурыз мерекесіне орай ауқымды мәдени іс-шаралар өтуіне байланысты 21 наурыз сағат 08:30-дан бастап, 22 наурыз 18:30-ға дейін кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Атырау қаласында ауқымды мәдени іс-шаралар өткізіледі. Осыған байланысты 21 наурыз сағат 08:30-дан бастап, 22 наурыз 18:30-ға дейін кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Сәтпаев көшесі – Ә.Молдағұлова көшесінен Ерниязов көшесіне дейін
- Тайманов даңғылы – Жарбосынов көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін
- Құлманов көшесі – Тайманов даңғылынан Ерниязов көшесіне дейін
Қала тұрғындарын алдын ала қозғалыс бағыттарын жоспарлауға шақырамыз.
Мерекелік іс-шараларға келіп, Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтейік!" - делінген хабарламада.