Атырау, 21 наурыз 2123
 бұлттыВ Атырау +6
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Биыл ​Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі 161 шақырым теміржолды​ жөндейді

384 просмотра

2025 жылы Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі 161 шақырым теміржолды жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. 

Рельс – шпалдық торды ауыстыра отырып, күшейтілген орташа жөндеумен Бүркітті -Қарағайлы, Ащысу, Саумалкөл және т.б. аралықтарында 34,2 км жол қамтылатын болады, теміржолшылар Атасу станциясынан Қаражал станциясына және Ащысу станциясынан Саумалкөл станциясына дейінгі аралықтарда 52,5 км көлемінде орташа жөндеу жүргізеді.

Жалпы ұзындығы 42,4 км болатын бірнеше аралықта балласты тазарту жоспарлануда. Сондай-ақ, теміржолшылар рельстік тіректерді жаңасына 32,3 км ауыстырады, 67 жаңа және 47 ескі жылғы бағыттамалық бұрмалар ауыстырылады.

Өздігінен жүретін рельсті дәнекерлеу машиналары мен алюминотермитті дәнекерлеуді қолдана отырып, олар ақаулы жерлерді жояды және рельс бунақтарының тұтастығын қалпына келтіреді.

Кеше, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16