Атырау, 22 наурыз 05:49
 бұлттыВ Атырау +8
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Жолаушылардың назарына: 20 наурыздан 21-не қараған түнде eGov-та «Цифрлық құжаттар» ашылмайды

454 просмотра

20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін  eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасына, соның ішінде «Цифрлық құжаттар» қызметіне техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты ондағы құжаттар ашылмайды. Рейске тіркеу кезінде қиындық туындамас үшін осы уақытта жолға шығатын жолаушылар құжаттардың түпнұсқасын өзімен бірге алып жүргені жөн. 

"Құрметті жолаушылар,

Сіздерден 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін Қазақстан ішіндегі рейстерге құжаттарыңыздың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүруді сұраймыз.

Көрсетілген уақыт аралығында eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасына, соның ішінде «Цифрлық құжаттар» қызметіне техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты қолжетімділік уақытша шектеледі.

Түпнұсқа құжаты жоқ жолаушылар рейске жіберілмейді.

Түсіністікпен қарағаныңыз үшін рақмет! Сәтті сапар тілейміз!" - делінген Air Astana хабарламасында

20 наурыз, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16