Атырау, 22 наурыз 14:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Жолдағы апат: прокуратура үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдады

561 просмотра
Көрнекі сурет

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қостанай облысының прокуратурасы үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті. 

Тергеу барысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда Түркістан облысының 33 жастағы тұрғыны "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тас жолының 148 шақырымында "VOLVO" автокөлігін басқарып келе жатыпқарсы қозғалыс жолағына шығып, нәтижесінде "Toyota Alphard"-пен соқтығысқанын анықтады.

Апат салдарынан "Toyota Alphard" автокөлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушылары қаза тапты, тағы біреуі түрлі дене жарақаттарын алды.

Кінәлі жүргізушінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге және үш адамның өліміне әкеп соққан автомобиль басқарушы адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сараланған .

Баптың санкциясы жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. 

Қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.       

20 наурыз, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16