Атырау, 22 наурыз 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Атырау облысында балалардың демалысы қалай ұйымдастырылады?

537 просмотра

Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысының балалары әдетте Ресейдің Железноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты мен Қазақстанның басқа қалаларында демалады.

Биыл Атырау облысының Білім беру басқармасы жазғы демалысты ұйымдастыру үшін Алматы және Ақтөбе облыстарында 500 балаға арналған демалыс бағдарламасын жоспарлап отыр. Атап айтқанда Атырау қаласынан – 167 бала, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан – 167 бала, Индер кентінен – 166 бала сауықтыру лагерлеріне жіберілмек.

Бұл мақсатқа 72 млн теңге бөлінгенімен, тендердің жеңімпазы әлі анықталған жоқ.

Атыраудағы «Тұлпар» лагері сүріліп, орнына жаңа ғимарат салынады

Атырау қаласы, Бесікті ауылында орналасқан «Тұлпар» лагері биыл сүріліп, оның орнына 300 орындық жаңа лагерь салынады деп жоспарланды. Бұл балаларға жыл бойы демалуға мүмкіндік беретін заманауи кешен болмақ.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес, лагерьдің ескі ғимаратын бұзып, жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеуге 100 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Еске салсақ «Тұлпар» лагері 2022 жылдан бері апатты жағдайда деп танылған еді. Алғашында ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу қарастырылғанымен, сараптама нәтижесінде оны толықтай сүріп, жаңадан салу туралы шешім қабылданды.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 наурыз, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16